07 Сәуір, 2016

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің бұйрығы  №132

264 рет
көрсетілді
35 мин
оқу үшін
2015 жылғы 23 ақпан, Астана қаласы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мұнай және газ саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған: 1) «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес; 2) «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес; 3) «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес; 4) «Қойнау-қатiшiлiк қысымды ұстап тұру үшiн ілеспе және табиғи газды аудауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес; 5) «Теңізде мұнай-газ құбырларын салу, монтаждау немесе төсеу жөніндегі жұмыстарға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес; 6) «Тау-кен (пайдалы қазбаларды барлау, өндіру), мұнай-химия өндірістерін жобалауға (технологиялық) және (немесе) пайдалануға, мұнай және газ саласындағы магистральдық газ құбырларын, мұнай құбырларын, мұнай өнiмдерi құбырларын пайдалануға лицензия беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 6-қосымшасына сәйкес; 7) «Газ желісі ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 7-қосымшасына сәйкес бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін; 2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгенінен кейін күнтізбелік он күн ішінде осы бұйрықтың көшірмесін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдануын; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруын; 4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасы Энергетика министрі В.ШКОЛЬНИК. «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі ________________Ә. Исекешев 2015 жылғы 27 сәуір «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі ________________ Е. Досаев 2015 жылғы 25 сәуір Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы №132 бұйрығына 1-қосымша «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаты немесе уәжді түрде бас тарту. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін өтінімді қағаз нысанда ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделіп, нәтижесі қағаз нысанға шығарылып, мемлекеттік қызметті беруші уәкілетті адамның қолы қойылады және мөрмен расталады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ге дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі; 2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: көрсетілетін қызметті берушіге: 1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде: көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; көрсетілетін қызметті алушы жасаған және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкiлеттi органның аумақтық органдарымен келiсiлген ұңғыманың жекелеген объектiлерiн сынау жоспарлары; 2) кен орнын сынамалық пайдалану кезінде: көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны; 3) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде (технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, технологиялық жабдықты пайдалану, технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде): көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны; порталға: 1) ұңғыма объектiлерiне сынақтар жүргiзу кезiнде: көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; көрсетілетін қызметті алушы жасаған және жер қойнауын зерттеу мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарымен келісілген ұңғыманың жекелеген объектілерін сынау жоспарларының электронды көшірмелері – сұрау салуға қоса тіркелген; 2) кен орнын сынамалық пайдалану кезінде: толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны; 3) газды технологиялық еріксіз жағу кезінде (технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, технологиялық жабдықты пайдалану, технологиялық жабдыққа техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде): толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші, «электрондық үкімет» шлюзы арқылы сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады; портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-00-69, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі. Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414. «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатын алу үшін ӨТІНІШ _______________________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) _______________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта) _______________________________________________________________________________________________ (кен орны, ұңғыма нөмірі*, сатысы) _______________________________________________________________________________________________ (газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі) _______________________________________________________________________________________________ (жылына жағылатын газдың болжамды көлемі (млн.м3)) _______________________________________________________________________________________________ (жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттың күні, нөмірі және қолдану мерзімі) Ұңғыма туралы деректер:* № Көлемі, млн. м3 Объектінің нөмірі Горизонты Аралығы Объектілер бойынша сынау күндерінің саны 1 2 3 4 5 6 * Ұңғымалар объектілеріне сынақтар жүргізу кезінде iлеспе және (немесе) табиғи газды алау етiп жағуға рұқсат алу үшін Қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесі: 1. ________________________________ 2. ________________________________ Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ _________________ (қолы) (Т.А.Ә.) М.О. 20__ж. «___» ____________ «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Кен орнын сынамалық пайдалану кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатын алу үшін МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ 1. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту туралы ақпарат: ______________________________________________________________________________________________ (кен орны, ұңғыма нөмірі*, сатысы) ______________________________________________________________________________________________ (газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі) _______________________________________________________________________________________________ (жылына жағылатын газдың болжамды көлемі (млн.м3)) 1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) нөмірі _______________________________________; 2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) күні _________________________________________; 3) өтінім берілген жылға жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері, млн. м3______________________________________________________________________________________; 4) өтінім берілген жылға газды өндіру мөлшері, млн. м3 ________________________________________________. 2. Кен орнын сынамалық пайдалану жобасын бекіту туралы ақпарат: 1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтың құжат) нөмірі ___________________________________________; 2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтың құжат) күні __________________________________________; 3) жобалау құжатының қолданылу мерзімі ___________________________________________________бастап; 4) жобалау құжатының қолданылу мерзімі __________________________________________________дейін. 3. Бекітілген кен орнын сынамалық пайдалану жобасына сәйкес өтінім берілген жылы газды жоспарлы өндіру, млн. м3 _________________________________________________________________________________________. 4. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен бекітілетін, Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес кен орнын сынамалық пайдалану кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерінің есебі ______________________________________________________________________________. Жер қойнауын пайдалану келісім шарты туралы мәліметтер: Келісім-шарт күні ____________________________. Келісімшарт нөмірі___________________________. Келісім шарттың қолдану мерзімі_______________. «Ұңғымалар объектісін сынау, кен орнын сынамалық пайдалану, технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымша Нысан Технологиялық жабдықты іске қосу-ретке келтіру, пайдалану, оған техникалық қызмет көрсету және жөндеу жұмыстары кезінде газды технологиялық еріксіз жағу кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды алау етіп жағуға рұқсатын алу үшін МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ ______________________________________________________________________________________________ (кен орны, ұңғыма нөмірі*, сатысы) ______________________________________________________________________________________________ (газ жағу қажеттілігінің себебі және негіздемесі) ______________________________________________________________________________________________ (жылына жағылатын газдың болжамды көлемі (млн.м3)) 1. Өткен жылғы өндірілген газ, млн. м3 ____________________________________________________________. 2. Өткен жылғы жағылған газдың жалпы мөлшері, млн. м3 (оның ішінде технологиялық еріксіз жағу және барлау ұңғымаларын сынау кезінде) ______________________________________________________________________. 3. Мұнай өндірудің жоспарланатын мөлшері, мың тонна _____________________________________________. 4. Газ өндірудің жоспарланатын мөлшері, млн. м3 ___________________________________________________. 5. Өтінім берілген жылға газ жағу, млн. м3 _________________________________________________________. 6. Мұнай және газ саласындағы уәкілетті органның ілеспе және (немесе) табиғи газды кәдеге жарату немесе қайта өңдеуді дамыту бағдарламасын бекіту туралы ақпарат: 1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) нөмірі ________________________________________; 2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) күні __________________________________________; 3) өтінім берілген жылға жағылатын газдың рұқсат етілген мөлшері, млн. м3 ______________________________________________________________________________________________________________________; 4) өтінім берілген жылға газ өндіру мөлшері, млн. м3 ________________________________________________. 7. Газ өндіруді және жағуды есептеу аспаптарының саны мен олардың орналасқан жері___________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________. 8. Газ өңдеудің және кәдеге жаратудың нақты мөлшері туралы ақпарат: 1) өткен жылғы газды қайта өңдеу мөлшері, млн. м3 _________________________________________________; 2) өткен жылғы газды қайта өңдеу тәсілі ___________________________________________________________ ______________________________________________________________________________________________; 3) өткен жылғы кәдеге жаратылған газ мөлшері, млн. м3 (көзі бойынша) _____________________________________________________________________________________________________________________________; 4) өткен жылғы газды кәдеге жарату тәсілі (көзі бойынша)____________________________________________. 9. Газды өндірістік үздіксіз жағу көздері (алаулары) туралы ақпарат: 1) орналасқан жері______________________________________________________________________________; 2) биіктігі, метр ________________________________________________________________________________; 3) өнімділігі, Нм3 мың/тәулік _____________________________________________________________________. 10. Кен орнын игеру жобасын бекіту туралы ақпарат: 1) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) нөмірі ________________________________________; 2) құжат (хаттама, хат немесе өзге де растайтын құжат) күні __________________________________________; 3) жобалау құжатының қолданылу мерзімі ___________________________________________________бастап; 4) жобалау құжатының қолданылу мерзімі __________________________________________________дейін. 11. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 21 қазандағы № 64 бұйрығымен бекітілетін, Мұнай операцияларын жүргізген кезде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағудың нормативтері мен көлемдерін есептеу әдістемесіне сәйкес кен орнын сынамалық пайдалану кезінде ілеспе және (немесе) табиғи газды жағу нормативтері мен көлемдерінің есебі __________________________________________________________________. Жер қойнауын пайдалану келісім шарты туралы мәліметтер: Келісім-шарт күні ___________________________. Келісімшарт нөмірі __________________________. Келісім шарттың қолдану мерзімі ______________. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына 2-қосымша «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Теңіз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілген ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетуге рұқсат берілген ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаты немесе уәжді түрде бас тарту. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін өтінімді қағаз нысанда ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделіп, нәтижесі қағаз нысанға шығарылып, мемлекеттік қызметті беруші уәкілетті адамның қолы қойылады және мөрмен расталады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет кезек тәртібінде алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі; 2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда). 9. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхаты бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі: 1) көрсетілетін қызметті берушіге: көрсетілетін қызметті алушы қол қойған және ұйымның мөрімен расталған осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны; 2) порталда: толтырылған мәліметтер нысанымен көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі - ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшада көрсетілген мәліметтер нысаны. Мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші, «электрондық үкімет» шлюзы арқылы сәйкес мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінен алады. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде: көрсетілетін қызметті берушіге – қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылдануын растау оның көшірмесіне құжаттар топтамасының қабылданған уақыты мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркелуі туралы белгі болып табылады; портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алу күні мен уақытын көрсете отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жіберіледі. 3. Орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі 10. Орталық мемлекеттік органның, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне әрекеттеріне (әрекетсіздігі) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына немесе Министрлік басшысының атына: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, 8 үй, «Министрліктер үйі» ғимараты, 14 кіреберіс, телефон: 8 (7172) 74-00-69, 97-68-01 мекенжайы бойынша беріледі. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады. Шағымның қабылдағанын растау шағымды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні, берілген шағымға жауапты алу мерзімі және орны көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде (мөртабан, кіріс нөмірі және күні) оның тіркелуі болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің басшысына жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін жіберіледі. Министрліктің немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс. Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығының 1414 телефоны бойынша алуға болады. Шағымды портал арқылы жіберген кезде, көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінен» көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында жаңартылатын (жеткізілуі, тіркелуі, орындалуы туралы белгілер, шағымды қарау немесе қараудан бас тарту туралы жауап) өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдана алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оның тіркелген күнінен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралады. 11. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы. 4. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар 12. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған. 13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда портал арқылы мемлекеттік қызметті электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. 14. Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинет», сондай-ақ Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар. 15. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары www.energo.gov.kz интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс-орталығы 1414. «Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымша Нысан Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсатын алу үшін ӨТІНІШ _______________________________________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің толық атауы) _______________________________________________________________________________________________ (жеке тұлғаның тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда), ЖСН, заңды тұлғаның толық атауы, орналасқан жерінің мекенжайы, БСН, байланыс деректері (телефон, факс, электрондық пошта) _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (теңiз құрылысын салу немесе орналастыру бойынша теңізде мұнай операцияларын жүзеге асыру қажеттілігінің себебі мен негіздемесі) _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (жоспарланған теңіз құрылысының не осындай теңіз құрылысын салу немесе орналастыру бойынша жүргізілетін жұмыстардың мерзімі мен орналасатын жері) _______________________________________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________ (қоса беріліп отырған құжаттар тізбесі) Ақпараттық жүйелердегі, заңмен қорғалатын құпия мәліметтерді пайдалануға келісім беремін. Ұйымның басшысы (лауазымы) ______________ _________________ (қолы) (Т.А.Ә.) 20__жылғы «___» ____________ «Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымша Нысан Теңiз құрылыстарын салуға немесе орналастыруға рұқсатын алу үшін МӘЛІМЕТТЕР НЫСАНЫ 1. Теңіз құрылысын салу мақсаты, мәні мен негіздері ___________________________________________________. 2. Келісімшарттық аумақ шегінде құрылатын теңіз құрылысының географиялық координаталарының негіздемесі: 1) ендігі: градустар:__________________________________________________________________________________; минуттар: __________________________________________________________________________________; секундтар: _________________________________________________________________________________. 2) бойлығы: градустар:__________________________________________________________________________________; минуттар: __________________________________________________________________________________; секундтар: _________________________________________________________________________________. 3. Теңіз құрылысын құру жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде пайдаланылуы болжанатын кеме және өзге де жүзу құралдары туралы ақпарат: 1) кеме және жүзу құралдарының саны ____________________________________________________________; 2) кеме және жүзу құралдарының атауы: __________________________________________________________________________________________ (мемлекеттік тілде) __________________________________________________________________________________________. (орыс тілінде) 4. Теңіз құрылысын салуды бастау күні __________________________; 5. Теңіз құрылысын салуды аяқтау күні ___________________________. 6. Теңіз құрылысын пайдалану кезінде қолданылатын байланыс құралдары (радиотаратқыштың қуаты, жиіліктер, өзге де мәліметтер) туралы ақпарат _____________________________________________________________. 7. Теңiз құрылысын салу немесе орналастыру кезіндегі жоспарланған іс-шаралар: 1) техникалық сумен жабдықтаудың тұйық жүйелерін, жүзу немесе тұрақты тазарту құрылыстары мен құрамында мұнай бар суды және басқа да зиянды заттарды қабылдауға арналған құралдар жасауды қоса алғанда, қоршаған ортаға ықтимал залалдың алдын алу немесе азайту бойынша ___________________________________________________________________________________________________________________________________________; 2) теңіз құрылысында авариялық жағдайларды болдырмау және жою бойынша __________________________________________________________________________________________________________________________; 3) теңізде жүзудің және ұшақ аппараттары ұшуының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ балықтар мен басқа да су жануарлары мекендейтiн ортаны, олардың көбею жағдайларын, өрiс аудару жолдарын және шоғырланған жерлерiн сақтау бойынша_________________________________________________________________. 8. Теңіз құрылысын болжамды орналастыру орнының негізгі гидрологиялық және гидрогеологиялық сипаттамалары, көтерілген су, жіберілетін сарқынды суларды, алынатын жерасты суларын алудың және (немесе) пайдаланудың болжанатын көлемі ________________________________________________________________________________. Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 23 ақпандағы № 132 бұйрығына 3-қосымша «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаттар беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет). 2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) әзірледі. 3. Мемлекеттік қызметті Министрліктің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші), оның ішінде www.elicense.kz, www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы көрсетеді. 2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі 4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: 1) құжаттар топтамасын көрсетілетін қызметті берушіге тапсырған сәттен бастап, сондай-ақ портал арқылы жүгінген кезде – 15 (он бес) жұмыс күні; 2) құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат берілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут; 3) қызмет көрсетуге рұқсат берілетін ең ұзақ уақыт – 20 (жиырма) минут. 5. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. 6. Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесi – теңiзде iздестiру, барлау, пайдалану ұңғымасын немесе өзге де ұңғыманы бұрғылауға рұқсаты немесе уәжді түрде бас тарту. Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін өтінімді қағаз нысанда ұсынған жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электронды нысанда рәсімделіп, нәтижесі қағаз нысанға шығарылып, мемлекеттік қызметті беруші уәкілетті адамның қолы қойылады және мөрмен расталады. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық. 7. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) тегiн көрсетіледі. 8. Жұмыс кестесі: 1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет